Текст
Интернат оқушыларының отырысы өтті
2019 жылдың 4 қыркүйек күні «М.Ғабдуллин атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы» КММ жанындағы интернатта тәрбиеленушілермен интернат меңгерушісі Ә.С.Кусакаева отырыс өткізді. Отырыстың күн тәртібінде 2018-19 оқу жылының қорытындысы бойынша есеп берілді, 2019-2020 жаңа оқу жылының мақсат-міндеттерімен, интернаттың ішкі тәртіп ережелерімен, асханада, тасымалдау кезіндегі қауіпсіздік ережелерімен таныстырылып, белсенді мүшелер сайланды. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халқына арналған алғашқы Жолдауы талқыланып, интернат тәрбиеленушілері Президенттің білім саласы туралы айтқан мәселелерге көңілдері толғандықтарын жасырмады.