«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Зеренді ауылының Мәлік Ғабдуллин атындағы мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Школа - гимназия имени Малика Габдуллина села Зеренда отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Елбасы Жолдауы-ел болашағы

05.02.2018

Елбасы Жолдауы-ел болашағы

Зеренді ауданы әкімдігінің

«М.Ғабдуллин атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» КММ жанындағы интернат  ұжымы және оқушыларымен  Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың

Қазақстан халқына жасаған кезекті жолдауын жылы қабылдады. Жолдауда көрсетілген

10 міндеттер бойынша өз ойларын ортаға салды.Интернат меңгерушісі Ә.С.Кусакаева

жолдаудың жетінші міндетінде білім берудің

жаңа сапасына ерекше тоқталды.Ол барлық жастағы азаматтарды қамтитын білім беру

ісінде өзіміздің озық жүйемізді құруды жеделдету қажет екенін айтты. Білім беру

бағдарламаларының негізгі басымдығы – өзгерістерге үнемі бейім болу және жаңа

білімді меңгеру қабілетін дамыту екенін жасырмады.

Сонымен, білім беру саласында қандай өзгерістер мен

жаңашылдықтар күтіп тұр?

1. Оқушыларға берілетін тапсырма азаяды. Елбасы оқушылардың жүктемесі ТМД

елдерінің ішінде ең жоғары, ЭЫДҰ елдеріне қарағанда орта есеппен 1/3 еседен көп

екенін айтып, оны төмендетуді тапсырды.

2. Өңірлердегі оқушылар сарайларының базасында компьютерлер, лабораториялар

және 3D-принтерлер секілді барлық қажетті инфрақұрылымы бар балалар

технопарктері мен бизнес-инкубаторларының желісі құрылады.

3. 2018 жылдың 1 қаңтарынан мұғалім мәртебесін арттыру мақсатында білім

берудің жаңартылған мазмұнына көшкен ұстаздардың лауазымдық жалақысы 30%-ға

көбейеді.

4. 2018 жылы категориялар арасындағы алшақтықты арттырып, мұғалімдер үшін

біліктілік деңгейін ескеретін категориялардың жаңа кестесі енгізіледі.

5. Мұғалімдердің жалақысы біліктілігінің расталуына байланысты 30%-дан

50%-ға дейін өседі. Бұл үшін биыл қосымша 67 миллиард теңге бөлу қажет.

6. 2019 жылдың 1 қыркүйегіне қарай мектепке дейінгі білім беру ісінде

балалардың ерте дамуы үшін өз бетінше оқу машығы мен әлеуметтік дағдысын

дамытатын бағдарламалардың бірыңғай стандарттары енгізіледі.

7. 2019 жылдан 10-11 сыныптардағы жаратылыстану ғылымының жекелеген пәндері

ағылшын тілінде оқытылады.

8. 2021 жылы орта білім беру саласында жаңартылған мазмұнға (мүлде жаңа

бағдарламалар, оқулықтар, стандарттар және кадрлар) көшу аяқталады.

9. 2025 жылға дейін білім берудің барлық деңгейінде латын әліпбиіне көшудің

нақты кестесі әзірленеді.

10. Орыс тілді мектептер үшін қазақ тілін оқытудың жаңа әдістемесі

әзірленіп, енгізіледі.

11. Білім беру мекемелері арасындағы бәсекелестік артып, жеке капиталды

тарту үшін қала мектептерінде жан басына қатысты қаржыландыру енгізіледі.

12. Орта мектеп пен колледждер және ЖОО үздік оқытушыларының видеосабақтары

мен видеолекциялары Интернетте жарияланады. Елбасы бұл барлық қазақстандыққа,

оның ішінде шалғайдағы елді мекен тұрғындарына озық білім мен құзыреттілікке

қол жеткізуге жол ашады деп отыр.

13. Жасанды интеллектпен және «үлкен деректермен» жұмыс істеу үшін

ақпараттық технологиялар бойынша білім алған түлектер саны көбейеді. Осыған

орай металлургия, мұнай-газ химиясы, агроөнеркәсіп кешені, био және

IT-технологиялар салаларын зерттеу ісінде басымдық беретін ЖОО ғылымын дамыту

қолға алынады.

14. Қолданбалы ғылыми-зерттеулер біртіндеп ағылшын тіліне көшіріледі.

15. Жеке сектордың бірлескен қаржыландыруға атсалысуы барлық қолданбалы

ғылыми-зерттеу әзірлемелері үшін міндетті болады.

16. Жас ғалымдарға ғылыми гранттар аясында квота бөлініп, оларды қолдаудың

жүйелі саясаты жүргізіледі.

17. Білім беру саласы инвестициялық жобалары мен экспорттық әлеуеті бар

экономиканың жеке саласы ретінде қаралады.

18. Жұмыс берушілерді тарту арқылы және халықаралық талаптар мен цифрлық

дағдыларды ескере отырып, техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламалары

жаңартылады.

19. ЖОО шетелдердің жетекші университеттерімен, ғылыми орталықтарымен, ірі

кәсіпорындарымен және трансұлттық корпорацияларымен бірлескен жобаларды

белсенді түрде жүзеге асырады.

20. ЖОО-ға білім беру бағдарламаларын жасауға көбірек құқық беріп, олардың

академиялық еркіндігі заңнамалық тұрғыдан бекітіледі.

Сонымен бірге, университеттердегі педагогикалық кафедралар мен

факультеттерді дамыту;

-білім берудің барлық деңгейінде математика және жаратылыстану ғылымдарын

оқыту сапасын күшейту;

-терминология тұрғысынан қазақ тілін халықаралық деңгейге жақындату;

оқытудың мазмұндылығына заманауи техникалық тұрғыдан қолдау көрсету арқылы

толықтыру;

-цифрлық білім беру ресурстарын дамыту, кең жолақты Интернетке қосу және

мектептерімізді видеоқұрылғылармен жабдықтау жұмыстарын жалғастыру; -«Баршаға

тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасын жүзеге асыруды жалғастыру;

-оқытушылардың қайта даярлықтан өтуіне күш салып, ЖОО-ға шетелдік

менеджерлерді тартып, әлемдік университеттердің кампустарын ашу;

-ұлттың әлеуетін арттыру үшін мәдениетіміз бен идеологиямызды одан әрі

дамыту Жолдауда айтылған.

 

 

Просмотров: 338

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст