Сабақтың тақырыбы:Жол
ережесі - баршаңызға заң.
Мақсаты:білімділік – жолда жүру ережесін, жол белгілерін толық үйрету
мақсатында жұмыстар жүргізу, көрініс қою;
тәрбиелік –
оқушыларды жолда жүру ережесін мұқият сақтауға, еңбек ете білуге, Отанын сүйіп,
қорғай білуге тәрбиелеу;
дамытушылық – есту, көру арқылы өз бетінше логикалық ойлау қабілетін арттыру, есте
сақтау қабілетін дамыту.
Көрнекілігі: бағдаршам, жолда жүру ережелері, жол белгілері, жол қауіпсіздігі туралы
суреттер мен буклеттер, нақыл сөздер т.б.
Барысы.
Ұйымдастыру.
Жүргізуші:
Жолда жүру ережесін бұзбас үшін сол ережелерді орындау қажеттігін түсіну аз,
оларды білу керек. Оны күнделікті пайдалану барысында өз қауіпсіздігімізді
сақтау үшін үйрену керек. Мектепте, мектептен тыс мекемеде, балабақшадағы оқу
бөліміне қауіпсіздік бұрыштарын жасап, қозғалыс ережелері бойынша ереңгіліктер,
тақырыптық кештер, ойындар, жарыстар өткізіледі.
Бүгінгі біздің
сабағымызға келіп отырған қонақтар:
1. Аудандық ішкі
істер қызметкері .....
2. Тәрбие ісінің
меңгерушісі Кенжина Д.М.
3. Мұғалімдер
...........
«Жол ережесі баршаңызға заң» атты сабағымызды бастаймыз.
Шуақты өміріміз
күндей күліп,
Жүректе бүршік атып
гүлдейді үміт.
Арманға сапар тарту мүмкін емес,
Жол жүру ережесін
білмей тұрып.
Қай көше, қай
қалаға барсаңыз да,
Қай ақыл өлшеміне
салсаңыз да
Жол жүру ережесі –
заңды тәртіп,
Ол ортақ үлкен – кіші,
баршамызға.
Басталар әр қадамың
аттауменен,
Жол жүру ережесін
сақтауменен.
Интерактивті
тақтамен жұмыс« Бағдаршам тобы»
1. Біздің сенімді достарымыз ( бағдаршам туралы 4 слайд).
Бағдаршам туралы тақпақ, жұмбақ айту
Жасама әсте
ағаттық,
Аялдай тұр тағат
қып.
Мынау белгі
«тоқта» деп
Тұрады ылғи
тағат қып.
Байқап жүрсең
байыпты,
Болмайсың еш
айыпты.
Бағдаршам
жанса қызыл боп
Өтуге жолдан
болмайды.
Егер ол жанса
жасыл боп
«Өтсін» деп
сені қолдайды. (Әмір)
«Көшеде
бағдаршам болмаса...»
Көшеде бағдаршам
болмаса,
Кісі жоқ өзіңе
жол сілтер.
Кідірме
абыржып онда аса,
Сенгейсің
өзіңнің көзіңе.
Көшеде ортаға
жеткенше
Әуелі көзің
сал сол жаққа.
Балақай,
ортадан өткен соң
Мойның сал сол
жақтан оң жаққа.
«Мен білем
бәрін, мен!» деме,
Отырған жоқсың
бөлмеде.
Машина өтіп
кеткесін
Жолаушы алға
беттесін.
Ұшқалақ болма
ұрыншақ,
Ойлалық соны
ұғынсақ.
Машина өтіп
кеткесін
Балақай алға
беттесін.
Жол
белгілері сөйлейді... «Жол
белгілері тобы»
2. Көшеде топтанып жүру ( 2 слайд).
3. Ойнауға қай жер қауіпсіз? ( 4 слайд).
1 – оқушы:
Көрермендер бұрын кеп
Оңға қарай бұрыл» деп
Мынау белгі жол бағып,
Нұсқар ылғи оң бағыт.
«Қатты ағынмен бұрылу –
Аударылып бүліну.
Келгеніңдей жаяулап
Жүрісіңді баяулат.
Руліңді солға бұр»
Деп тұрады жолда бұл.
«Жүргізуші тобы» слайд
3 – оқушы:(
велосипед)
Велосипед деме
жуас ат,
Ешкім оны
тепкен де жоқ туа сап.
Алға қара,
сенімді бол қолыңа,
Сонда сенің
тосқауыл жоқ жолыңа!
4 – оқушы:( тыйым салу белгісі)
Қызыл сызық
көлденең
Тұра қалар
жолға кеп.
Қателікке
апарар
Кім жолға аяқ
баса алар.
Бұл «тыйым»
салатын
Белгілер деп
аталар.
5 – оқушы:
Жиекжол–жүрер
жолы баланың,
Желаяқтың,
жайбасардың, жаяудың.
Машинаның жолы
– көше ортасы,
Мұны ұмытып
кете көрме, аяулым!
6 – оқушы:
Күректі адам –
қашанда білекті адам,
Жолды жөндеп
жатқаны түзеп саған.
Осы белгі
алдыңда болды ма егер,
Айналып өт, ал
мұнда жолды бөгер.
7 – оқушы:
Футбол жақсы
ойын болып саналар,
Стадионда
ойнасаң тек, балалар.
Көшеде доппен
ойнама,
Қатерге басты
байлама. ( Әділхан).
( Көше қиылысында. 1 слайд) «Қиылыстар тобы»
2 – оқушы:
Тоғыз жолдың торабы
Тоғысар жер болады.
Жолдың сырын білмеген
Далада қап тоңады.
Түйіседі жолымыз
Түйіскендей қолымыз.
Тұрса көбейту белгісі
Түсінеміз оны біз.
Жолдар қиылысында
Қымтырылып қысылма.
Көлденең жол бос болса,
Кібіртектеп тоспа онда.
Бос болмаса алайда
Сақтық жаса абайла.
Қалмас үшін соқтығып
Ол өткенше тос тұрып.
Пікірталас (Сурет бойынша)
Оқушылардың көше қиылысы туралы, жолдан өту туралы ойын тыңдау.
-
Қиналмай
қалай, қай жолмен, қай жағдайда өтуге болады?
Интерактивті
тақтамен жұмыс.
«Мен мектепке
барамын»
-
Оқушы
қалай жүріп келеді?
-
Біз
қалай жүруіміз керек?
-
«Мектепке
барар жолда»
-
(
Өмірмен байланыс)
-
Мектепке
қалай барамын, қалай қайтамын?
-
Аялдамаға
қарай өтуім керек.
Көрініс.
Сахналық көрініс: «Қасқыр мен Қоян»
Қоян:
- Ой, Қасқырсаған не болған?
Қасқыр:
- Ештеңеболғанжоқ.
- Онда неге аяғыңақсаңдапқалған?
- Ой, Қоян, сененешнәрсе де жасыраалмайдыекенсің. Көліккежабысамындеп...
- Сен не көліккежабысыпжүрсіңбе?
-Иә
- Жүріп бара жатқанкөліккежабысуғаболмайтынынбілмейсіңбе?
- Баратынжеріме тез жетейіндеп...
- Тез жетейін депөзіңе не болғанынкөрдіңбе?
- Көрдім
- Көшедеқалайболсасолайжүруге, көліктергежабысуғаболмайдығой.
- Ал егерасығыптұрсамше?
- Қаншалықтыасығыптұрсаң да, жолережесінсақтау керек.
- Жолережесін?
- Иа, жаяужүріп бара жатқанадамдарға, жүргізушілергеарналғанережелерболады.
Солережелердісақтаукерек.
- Ал солережелердісақтамасаң не болады?
- Жолережесінсақтамағандарғаайыппұлсалады, еңқорқыныштысы сен
сияқтыжарақаталады.
- Қоян, жолережесідеген не ол?
- Ал сен оның не екенінбілмейсіңбе?
- Жоқ. Ендеше« Бірдерек» айдарынкөрейік. Сонда жолережесінбілетінболасың.
Суреттермен
жұмыс слайдпен жұмыс( бірнеше
оқушылардың алдына жол белгілеріне байланысты суреттер тарату, жауап алу).
Жұмбақ
жасыру ойыны.
Қорытынды. Бүгінгі біздің жол ережесі туралы сабағымызды
қорытындылайтын уақыт та келіп жетті.
( Қонақтарға сөз беріледі).