Сабақтың тақырыбы: «Мен - патриотпын».
Сабақ арқауы: МЕН –КІШІ ОТАНЫМНЫҢ ПАТРИОТЫМЫН.
«Өз Отанының патриоты болу – бұл Қазақстанды өз жүрегінде
ұстау!»
Н.Ә. Назарбаев
Мақсаты: қоғамда өздерін көрсете
және өз еліне пайдалы бола алатын, Жаңа Қазақстандық Патриотизмнің
құндылықтары мен мұраттары жүйесін иеленетін білім алушы-патриот тәрбиелеу.
Міндеттері:
- білім алушылардың жаңа білімді, ақпараттық ресурстарға сүйене отырып
зияткерлік қажеттіліктерін меңгеруін қамтамасыз ету;
- білім алушылардың ұлттық рәміздер, негізгі құндылықтар, жаңа қазақстандық
патриотизм, мәдени-генетикалық код, «Мәңгілік Ел», жаңғырту, ұлттық сана,
бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, ұлттық бірегейлік, меритократикалық қоғам», «білімнің салтанат құруы» ұғымдарын
меңгеруге көмектесу;
- білім алушылардың зерттеу, шығармашылық, коммуникативтік
құзыреттіліктерін дамыту;
- білім алушыларды зияткерлік және шығармашылық дамыту;
- жастардың бойында жоғары патриоттық сананы қалыптастыру;
– Қазақстандық патриотизмді және белсенді азаматтық ұстанымды ынталандыру.