«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Зеренді ауылының Мәлік Ғабдуллин атындағы мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Школа - гимназия имени Малика Габдуллина села Зеренда отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Шешенге қойылатын талаптар

28.02.2017

Дайындап өткізген:  қазақ тілі және әдебиет пән мұғалімі

А.С.Садыкова.

 

Күні:                      Пәні:

Қазақ тілі                               

Сыныбы:  11

Сабақтың тақырыбы:Шешенге

қойылатын талаптар. Көпшілік алдында сөйлеуге

дайындық.

Сабақтың мақсаты: а)  Оқушылар шешендік сөз туралы

түсініктерін  кеңейтеді, шешен сөйлеудің

әдістерін меңгереді, шешендердің сөйлеу өнерінен үлгі

ала отырып, бос сөзден аулақтатып, тауып сөйлеуге төселеді, тіл тазалығын

сақтауға дағдыланады;

Күтілетін нәтиже: 

1. Шешендік сөз туралы түсінік алады.

2.  шешен сөйлеудің әдістерін

меңгереді.

3. Тіл тазалығын сақтайды.

Түйінді  идея.

«Біле бер қанша білсең, тағы тіле,

Жетерсің мақсатыңа біле-біле».

                                                

Ж.Баласағұн

Сабақтың түрі:                            аралас сабақ

Сабақтың әдісі:                           сұрақ-жауап,тіл

дамыту,іздендіру

Сабақтың көрнекілігі:               кітаптар, интерактивті тақта.

Пәнаралық байланыс:              тарих,әдебиет

Сабақтың барысы:

                                       а)

Ұйымдастыру кезеңі.

 Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу

құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу,оқушылардың зейінін сабаққа

аудару.

ә)  Үй тапсырмасын пысықтау:

   Үйге берілген  тапсырма бойынша оқушыларға бірнеше сұрақтар

қоямын.

1.Шешендік сөз дегеніміз не?

2.Шешендік сөз сапалары дегеніміз не?

б)  Жаңа сабақтың тақырыбын ашу.

Мұғалімнің кіріспе

сөзі:

-Құрметті 11 «ә» сынып оқушылары,

әріптестер, армысыздар. Қазақ тілі сабағымызға қош келіпсіздер! Бүгінгі сабақта

әр оқушы өзін танытып, жан-жақты білімін көрсете алады деп сенемін.

Барлықтарыңа сәттілік тілеймін!

Психологиялық

дайындық. (оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын

арттыру, ынтымақтастық ортаны құру).

 «Мен туралы басқалар не деп

ойлайды?» ..........................................................

Барлық оқушылар шеңберге тұрып, бір-бірінің бір қасиетін атайды. (1 минут)

(Оқушылар шеңбер құрып, бір-біріне бір сөзбен сипаттама

береді).

Топқа бөлу. «Атомдар мен молекулалар»

Шарты: Мұғалім «атомдар» деген кезде ойыншылар жеке дара жүреді де,

«молекулалар, бесеуден» немесе «молекулалар, үшеуден» деген кезде, бес немесе

үш адамнан тез арада топтасады. Кім топқа қосыла алмай қалса, айып төлейді: өз

өнерін көрсетеді немесе көпшіліктің тілегін орындайды. (АКТ көңілді әуен

жіберіледі) 1 минут.

(Топқа бөлініп, оқу-құралдарын дайындайды)

Просмотров: 754

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст