«М.Ғабдуллин атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы» КММ
жалпыреспубликалық «Мектепке жол» акциясы.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті 2019 жылдың 1 шілдеден бастап,30-шы қыркүйек аралығында, «Ақмола облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің, Зеренді аудандық білім бөлімінің 2019 жылғы 15 шілдеден бастап № 94 бұйрығына сәйкес, республикалық «Қамқорлық» қайырымдылық акциясын ұйымдастыру негізінде2019-2020 оқу жылына «Менің таңдауым – балаларға көмек көрсету!» ұранымен «Мектепке жол» акциясы өткізілді. «Мектепке жол» акциясын ұйымдастыру және өткізу іс – шаралар жоспарыжасалып, бекітілді.
Акцияның мақсаты: Мектепке баруға мүмкіндігі жоқ аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасынан шыққан оқушыларға, жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға қамқорлық жасап, көмекке мұқтаж отбасыларының балаларын мектепке дайындауда көмек көрсету және оларға толықтай білім алуға жағдай жасау.
«Мектепке жол» акциясы бойынша ақпараттықстенд мәліметтер базасы жаңартылды, жалпы оқумен қамту, көмекке мұқтаж балалардың дерек қорын қалыптастыру үшін мектепке бармай жүрген балаларды анықтау мақсатында үйлерді (пәтерлерді), аралап, тексеру жүргізупедагогикалық ұжымнан рейдтер ұйымдастырылып, біліммен қамтылмаған оқушыларды оқумен қамту мақсатында
мөлтек аудандарды уақытылы аралап қорытынды шығарылды.
Ата-аналардың жеке өтініштеріне жедел жауап беру үшін мектеп әкімшілігіндегі сенім телефондарына хабарласуды үздіксіз қамтамасыз етілді, өтініштер қабылдау, әлеуметтік көмекті қажет ететін оқушылар жайлы мәлімет жинақтау, тізім жасақтау, мектепке дайындау кезінде мекен-жайлары бойынша көмек көрсету үшін қолдауға мұқтаж оқушыларға көмек ретінде мемлекеттік, бизнес құрылымдарға өтінім білдіру және бірінші сынып оқушыларына мекен жайы бойынша көмек көрсетуді ұйымдастыру «Бірінші рет – бірінші сыныпқа», «Бірінші сынып оқушысына сыйлық» қайырымдылық іс-шараларды «менің таңдауым – балаларға көмек!», «Баланы мектепке дайындайық!»атты ұрандармен1-сынып оқушысы Иман Жансая Арманқызына «М.Ғабдуллин атындағы жалпы білім беретін орта мектеп - гимназиясы» КММ мектеп ұжымы демеушілік жасап 18.000 теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетілді. Оған мектеп формасы 10300теңге, спорт киім 5400 теңге, ақ жиде 2300 теңге алынып табысталды.
Сондай – ақ «Қайырымдылық» қайырымдылық акциясы аясында мектебімізде 2018-2019 оқу жылынан бастап «Көмек ВОХ» жәшігі жұмыс жасайды.
Мақсаты: әлеуметтік көмек алуға құқығы бар аз қамтылған, көп балалы, тұрмысы қолайсыз отбасылардың балаларына, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға және басқа санаттағы балаларға әлеуметтік көмек көрсету, оқумен қамтылмаған мектеп жасындағы балаларды анықтау және есепке алу, сондай-ақ әлеуметтік есептер (киімдер, аяқ киімдерінің, мектеп құралдарының жоқтығы) бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алу.
Осы мақсатқа байланысты мектеп ұжымы мұғалімдері ат салысып, өз тараптарынан заттай көмектер көрсетілді. Атап айтсақ А.С.Садыкова, Н.К.Ахметбеков, Ш.Ж.Искаковалар, К.Б.Тилеубаевалар демеушілігімен«Көмек ВОХ» жәшігіне салынған заттары (дәптерлер, қаламсаптар, түрлі түсті қарандаштар, аяқ киімдер, жылы және жеңіл жиделер, сырт киімдер) көмекті қажет ететін 9-сынып оқушысы МеменханРауанаға, 2-сынып оқушысы Есенгелді Мәнсүрге, 7-сынып оқушысы Шараева Светланаға, 5-сынып оқушысы Алтынбекова Толганайға, 6-сынып оқушысы Серік Жансұлтанға табысталды.
Акцияның жыл сайын өткізіліп, дәстүрге айналуы қоғам тарапынан жасалып жатқан еліміздің болашағы баянды болуы үшін өскелең ұрпақты адами-рухани тәрбиелеу, қазақстандық балалаларға көмек және қолдау көрсету жолының жалғасы болып табылады.
Әлеуметтік педагог: К.Б.Тилеубаева