«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Зеренді ауылының Мәлік Ғабдуллин атындағы мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Школа - гимназия имени Малика Габдуллина села Зеренда отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Тәуелсіз мемлекеттер достастығының жаңа жағдайда құрылуы және індеттен кейінгі кезеңде білім беру үдерісін трансформациялау»

10.10.2022

2022 жылғы 4-6 қазан аралығында Астана қаласында «Тәуелсіз мемлекеттер достастығының жаңа жағдайда құрылуы және індеттен кейінгі кезеңде білім беру үдерісін трансформациялау» тақырыбында Тәуелсіз мемлекеттер достастығы қатысушы мемлекеттерінің мұғалімдері мен білім беру саласы қызметкерлерінің VII және ІІ халықаралық  педагогикалық шеберлік фестивалі болды. Мен  Ақмола облысының делегациясының құрамында болып, осы съездге қатысқаныма өте қуаныштымын.

            ҚР оқу -ағарту министрі Асхат Аймағанбетов съездің ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде бұл съездің халықаралық мұғалімдер күніне орай ұйымдастырылғанын, сонымен қатар, осы Тәуелсіз мемлекеттер Достастығына мүше елдер педагогтерінің съезі елордамызда екінші рет өтіп отырғанын, осыдан 12 жыл бұрын астанамызда бірінші съезі өткенін айтып өтті.

 «Біздің елдеріміздегі білім беру үдерістерінің қатысушылары үшін съезд жұмысы өте маңызды. Съезд-бұл ең алдымен ауқымды диалог алаңы, жетістіктерді, тәжірибені тарату, өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудің өзекті бағыттарын талқылау мүмкіндігі және әріптестерімізбен білім саласындағы ынтымақтастықты одан әрі қалай дамытатынымызды талқылаймыз, »- деп атап өтті оқу -ағарту министрі.

Мұғалімдерге арналған шеберлік сабақтары үш номинация бойынша өтті: мұғалім, тәрбиеші және психолог/әлеуметтік педагог.Сонымен бірге съезде мектепке дейінгі және орта білім беру, сондай-ақ оқу-әдістемелік кешен саласындағы цифрлық және баспа өнімдерінің көрмесі ұйымдастырылды. Қазақстандық кәсіпкерлер мен стартаптар оқу орындарында сабақ беру мен оқуды тиімді ұйымдастыратын ІТ-жобаларын таныстырды.    

Бұл үлкен шараның күн тәртібіндегі мәселелері: Мектептер, колледждер, жоғары оқу орындары арасындағы ТжКБ, жоғары білім беруді дамытудағы, жалпы елдердің заңнамасын дамытудағы ынтымақтастық, академиялық тәжірибе алмасу болды. Бағдарламаға сәйкес : "Болашаққа бағытталған білім: мазмұны және педагогикасы", «Білім берудегі бағалау және қазіргі заманның сын-тегеуріндері», «Шығармашылық және ынтымақтастық процесінде бағдарланған жалпыадамзаттық құндылықтарды дамыту», "Мұғалім: заманауи қиындықтар мен өсу аймақтары", Қосымша білім: балалар біздің әлемді модельдейді", "Білім берудің цифрлық трансформациясы: қазіргі мектептің профилі", "Мектеп интеллектуалды даму мен өсу қауіпсіздігі үшін сенімді айлақ", «Оқушылардың инклюзивтілігі мен әл-ауқатын дамыту оң өзгерістер факторы ретінде," «Жас кәсіби мамандар елдің табысты болашағы үшін,» «Цифрландыру дәуірінде оқу сауаттылығын дамытудың жаңа тәсілдері,» «Мектеп пен ата-ананың өзара әрекеттесуінің тиімділігін арттыру мүмкіндіктері» деген бір уақытта бірнеше секциялар жұмыс жасады.

«Съезд бен халықаралық  педагогикалық шеберлік фестивалі практиктер мен мамандардың өзара әрекеттесуі, тәжірибе алмасуы оқыту мен тәрбиелеу жұмысындағы үздік әдістер мен тәсілдерді анықтауға мүмкіндік берді. Бұл серіктестік мемлекетаралық білім беру ынтымақтастығын нығайтып, жалпы білім беру жүйесін бірлесіп жетілдірудің тұрақты алаңына айналатынына сенімдімін. VІІ съезі және ІІ Халықаралық педагогикалық шеберлік фестивалінен ерекше әсер алып, әр спикердің іс-тәжірибесінен бір құнды ойлар алып, рухани азық, тәжірибе жинақтадым.

 

Просмотров: 403


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст