«Барым үшін алғыс айтамын!»
2023 жылдың 23 ақпан күні «Рақымшылық-мейірімділік бұлағы» атты жалпыұлттық мәдени-ағарту жобасы аясында интернаттың 7-10 сыныптардағы тәрбиеленушілерімен «Барым үшін алғыс айтамын!» тақырыбында дөңгелек үстелді интернат меңгерушісі Ә.С.Кусакаева мен тәрбиеші У.Қ.Абдильманова ұйымдастырып өткізді. Іс-шара барысында мейірімділік, адамгершілік пен ізгілік қасиеттері туралы пікірлер айтылды. Жақсы сөз айту, жақсылық жасау-әрбір адамның міндеті екендігі түсіндірілді. Бейнебаяндар көрсету арқылы өмірдің әрбір сәтін бағалай білуге үйретілді. «Жүректен жүрекке» бөлімінде қатысушылар шеңберге тұрып, жанындағы адамға алғысын іс-қимыл арқылы білдіре білді. Іс-шара соңында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Д.М.Кенжина оқушыларға «Жылы сөз, қайырымды іс, жақсы ой, кіршіксіз сезімдеріңізді ешкімнен ешқашан аямаңыздар, адамгершілік қасеиттеріңізді жоғалпаңыздар»-деген ақ тілегін білдірді.