Дұрыс тамақтану-денсаулық кепілі.
Ас – адамның арқауы. Қаншалықты дұрыс тамақтансақ, денсаулығымыз соншалықты мықты болмақ. Сондықтан тамақтануға ерекше көңіл бөлген жөн. Тамақтың құрамының құндылығы басты назарда болғаны дұрыс. Тиімді, дұрыс тамақтану денсаулықты сақтауға, организмнің қалыпты өсуі мен дамуына, жұмыс қабілетінің жоғарылауына және организмнің қоршаған ортаның әртүрлі жағымсыз әсеріне қарсылығын күшейтуге ықпалын тигізеді. Әсіресе, «Ұрпақ денсаулығы – ұлттың саулығы»- демекші, дені сау ұрпақ қалыптастыру үшін – оны назардан тыс қалдыруға болмайды. Мектеп оқушыларының дұрыс тамақтануы мен денсаулығы, олардың дұрыс өсіп жетілуі бүгінгі күннің өзекті мәселесі.
Осыған байланысты «Білім беру ұйымындағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерді тамақпен, оның ішінде тегін және жеңілдетілген тамақпен қамтамасыз ету» бойынша мемлекеттік қызмет көрсету стандарты негізінде тегін тамақпен жергілікті бюджет қаражаты есебінен: жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған, қорғаншылық және патронаттық тәрбиедегі, мектеп жасындағы 4 және одан да көп балалары бар, табысы ең төменгі күн-көріс деңгейінен төмен отбасы балаларына ұсынылған құжаттары негізінде тегін және жеңілдетілген тамақ ұйымдастырылды.
Сондай-ақ 2019 жыл 5 қыркүйектің №21 бұйрығымен дайын тамақ өнімдерінің сапасын және салмақтық шығынын, қадағалау және тағамдарды әзірлеуде және таратуда санитарлық-гигиеналық талаптарды бақылау, гигиеналық ережелерді сақтау мақсатында бракеражды комиссия құрылды. Бракеражды комиссия құрамына төмендегі ұстаздар тағайындалды комиссия төрайымы – директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Кенжина Дәмегүл Мұхамедрахимқызы, қамқоршылар кеңесінің төрағасы Иманғалиев Мухамедғали Шермұханұлы, комиссия мүшелері: әлеуметтік педагог Тилеубаева Құралай Бекмұратқызы, мектеп медбикесі Дюсембина Жанат Құдайбергенқызы, кәсіподақ ұйымының төрайымы Абдильманова Бақшагүл Зейноллақызы тағайындалды. Комиссия: 1)Тағамның сапасын бағалау, тексеру тоқсанына бір рет. 2)Тексеру қорытындылары бракераж журналына күнделікті жазып отыру. 3)Тоқсан сайын өткізілген жұмыс қорытындысы туралы есеп беру сияқты жұмыстарды атқтауда. Бракеражды комиссия тоқсанына бір рет мониторинг жүргізіп қорытындысын мектеп сайтына жүктеп отырады.
«Білім беру ұйымдарындағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерді тамақпен, оның ішінде тегін және жеңілдетілген тамақпен қамтамасыз ету» бойынша мемлекеттік қызмет көрсету стандарты негізінде білім беру ұйымында білім алушылар мен тәрбиеленушілерді тамақпен, оның ішінде тегін тамақпен қамтамасыз ету мақсатта әлеуметтік топтағы жетім, жартылай жетім, патронат, толық емес, көп балалы, аз қамтамасыз етілген отбасынан шыққан 1-11 сынып оқушыларының тізімі жасалып, қазіргі таңда 38 оқушының бір мезеттік тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілуде. Оның ішінде көп балалы отбасынан – 22 оқушы, аз қамтылған отбасынан – 13 оқушы, тұлдыр жетім – 1 оқушы, ата-ана қамқорлығынсыз қалған - 2 оқушы қамтылса,ал мектеп жанындағы асханаға интернат тәрбиеленушілерінің 56 оқушысы да қамтылып отыр.
Бүгінгі күнде жеке кәсіпкер Жаңыл Ажекейқызы Секенова білім беру ұйымымен келісілген кестеге сәйкес 10 күндік перспективалық ас мәзірі негізінде оқушыларымызға сапалы және қауіпсіз тамақ ұсынуда. Мектеп асханасында жүз, ал буфетте 12 орындық қойылған. Ал, бір мезеттік тегін ыстық тамақтанатын оқушылар үшін арнайы тамақтану уақыты белгілеген I ауысым оқушылары 09:25 – 09:40 және 11:05 – 11:20 де тамақтанса, II ауысым оқушылары 15:25 – 15:40 және 17:05 – 17:20 да кестеге сай тамақтануда.
Күнделікті тамақтың сапасы мен берілу мөлшерін (норма) мектеп медбикесі тарапынан бақылау жасалынып, тамақтың сапасын қамқоршылар кеңесі құрамы, мектеп әкімшілігі ,жалпы айтқанда бракеражды комиссия құрамы үнемі бақылау жасауда. Ұсынылатын тағамдар сапасы нормативке сай, ыстық тағамдар түрі аудандық білім бөлімімен бекітілген ас мәзіріне сәйкес әзірленуде.Әр аптаның жұма күндері тамақтану мен тамақ пісіру орнына тазалық жасалынып, дезинфекция жасалуда.
Мектеп оқушыларын тамақтандыру үшін пайдаланылатын азық-түлік тауарлары мен шикізаттарының сапасы гигиеналық көрсеткіштер мен ас құнарлылығы көрсеткіші бойынша санитарлық-эпидемиялық ережелер мен нормативтерге сәйкес келуін қамтамасыз етуі күнделікті мектеп директоры тарапынан қадағалануында.
Сөзімді қорытындылай келе, кішкентай кезден бастап адам баласы пайдалы тамақтармен, түрлі дәрумендермен уақытылы тамақтанса, сонда ғана баланың денсаулығы мықты әрі күшті, ой-өрісі кең болады.
Дайындаған:
«М.Ғабдуллин атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы»КММ
Әлеуметті педагог : Тилеубаева Куралай Бекмуратовна