«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Зеренді ауылының Мәлік Ғабдуллин атындағы мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Школа - гимназия имени Малика Габдуллина села Зеренда отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Ата-баба дәстүрі-ұрпаққа өнеге»

19.03.2020

Тақырыбы: «Ата-баба дәстүрі-ұрпаққа өнеге»

 

Мақсаты:Оқушыларға қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрпының тәрбиелік мәнін ұғындыру,баланың бойына адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру,халық өнегесін үйрету.

 

Көрнекілігі:Суреттер,ұлағатты сөздер жазылған плакаттар,ұлттық бұйым көрмелері.

                                                  Барысы

Мұғалім:.  Біздің тәрбиеміз ананың ақ сүтінен, ана әлдиінен, атаның қасиетті сөздерінен бастау алады. Ананың бесік жырынан бастап, адамның жер қойнауына берілгенге дейінгі өзі көріп-білген салт-дәстүрлер, әдет-ғұрыптар барлығы да адамның дүниетанымын қалыптастыратын өмір сабақтары.Халқымыздың әдет-ғұрпын,дәстүрін,тарихын білу, оны қастерлеу-әрқайсысымыздың борышымыз

1-жүргізуші:Қазақ халқы салт - дәстүрге бай халық. Әдет, ғұрып, ишара, ырым, тыйым, дағды бәрі осы салт-дәстүр көрінісі. Мысалы: ата-ананы, үлкенді құрметтеу, байғазы, көрімдік, сүйінші, кәде сұрау, сәлем беру, ат тергеу, құрдастық қалжың т.б. салт-дәстүрге жатады.

2-жүргізуші: ДӘСТҮР – белгілі бір ұлттың немесе халықтың ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отыратын, тарихи қалыптасқан, олардың әлеметтік ортасында ұзақ уақыт бойы сақталып отырған әлеуметтік –мәдени құндылықтар жиынтығы.

Дәстүр - кең мағыналы ұғым. Мысалы қазақтың өю-өрнек, сәулет, ән –күй өнерінде де тамаша дәстүр сабақтастығы сақталған.

Ұлтымыздың тамаша дәстүрлеріне үлкенді сыйлау, қонақжайлылық, қайырымдылық, бауырмалдық, балажандылық, төзімділік, арлылық т. б. жатады.

1- оқушы: Ата салтым-асыл мұрам,ардағым,

Бабалардың жалғастырар арманын.

Сан ғасырда қалпын бұзбас қадірім,

Өткенімді бүгінменен жалғадым.

 

 

2-оқушы: Қазағымның салт-дәстүрі жаңғырған,

Тәлімді ой сынағы ,тәрбие көзі қалдырған

Салт-дәстүрді ардақтайық, ағайын,

Қазақ атты үлкен-кіші балдырған.

 

 

 

3- оқушы: Жиналыппыз, сәтті күні бәріміз де

Үлкен,кіші, жасымыз, кәріміз де.

Төрлетіңіз ,қадірменді қонақтар,

Гүл- гүл жайнап мына біздің төріміз.

1- жүргізуші:Салт-дәстүрлерінің ішіндегі бала тәрбиесіне байланысты тәрбие дәстүріне тоқталсақ.

 

2-жүргізуші:

Салт-әр ұлттың,халықтың діні мен сеніміне,тұрмыс-тіршілігіне,ұлттық құрылым ерекшелігіне сәйкес ғасырлар бойы жинақталып ,өмірдің өзі туғызған ғұрптарының негізі.Қазақтың бірнеше салттарын атап өтсек.

Мұғалім:Қазақ ұлтында дүниеге келген сәбиге байланысты қандай дәстүрлерді білесіңдер?

Балалар жауабы.

Қазақ халқының «Ат қою» ғұрпы суреті

Мұғалім: Дұрыс. Міне, жаңа өздерің атап өткен салт-дәстүрлердің қатарында «Ат қою» ғұрпы да бар. Осы ғұрып жайлы оқушылардың дайындаған көріністі тамашалайық.

Көрініс «Балаға ат қою»

Әже: Ал, құрметті қонақтар. Дүниеге келген мына немеремнің есімін қою құрметіне қош келдіңіздер!

1 қонақ: Бәрекелді, балаңның жасы ұзақ болсын!

2 қонақ: Дені сау болсын!

3 қонақ: Үлкен азамат болсын! Балаңыздың атын кім деп қоясыз?

Әже: Құлыным қайда жүрсе де көркейіп жүрсін, жүзі жарқын болсын деген ниетпен балама «Арайлы» деп ат қоюды ұйғардым.

1 қонақ: Бәрекелді!

2 қонақ: Қандай жақсы, тамаша есім.

Әже: Немереме ат қою жолын ауылымыздың ардақты ақсақалы, көпті көрген көнекөз қария, құрметті адам Дүйсен атамызға ұсынсам деп едім.

1 қонақ: Дұрыс айтасыз.

2 қонақ: Ауылдың көпті көрген қариясы.

3 қонақ: Өсіп-өнген көп балалы, аузы дуалы атамыздың жолын берсін балаңызға!

Әже: Рахмет! Ниеттерің қабыл болсын!

Алмабай ата: Сенім білдіргеніңе көп рахмет, замандас. Балаң бақытты болсын!

Баланың анасы баланы Дүйсен атаға береді.

Дүйсен ата: (баланы қолына алып) Бісміллә, ал қарағым, (баланың оң құлағына) Сенің атың-Арайлы! Сенің атың-Арайлы! Сенің атың-Арайлы! (үш рет айтады, осылайша сол құлағына да айғайлайды)  

Әже: Рахмет, ақсақал! Бала-шағаңның қызығын көр! (алғыс ретінде атаның иығына шапан жабады)

Дүйсен ата: (бата береді)

Өркендесін, өсіп-толсын

Сұлу күндей көрік болсын.

Әкесі мен анасына

Тек жақсылық беріп болсын.

Арманға биік шыға берсін,

Өз елінің ұлы болып

Ата салтын ұға берсін.

Дені сау боп, ауырмасын,

«Қазақ ұлы» деген аттан

Өмір бойы айырмасын.

Әумин!

Мұғалім: Балалар, айтыңдаршы, бұл ғұрыпты көре отырып, қандай ой түйдіңдер?

Балалар жауабы.

Мұғалім: Өз есімдерін қандай мағына білдіреді?

Балалар жауабы. Өз есімдері туралы айту

1-жүргізуші: Туған соң адам боп,

Білімсізден надан жоқ.

Ел дәстүрін білмесең

Жұрт айтады надан деп.

Ата-бабаң ардақты

Жамандыққа бармапты.

Ардай тұтып үлкенді

Ата жолын жалғапты.

 

2-жүргізуші: Бауырласқан тәніміз

Бұзылмаған антымыз.

Кең даланың ежелгі

Қазақ дейтін халқымыз,

Өзге ұлттай біздің де

Бар дәстүрмен салтымыз.

 

Мұғалім: Бір жасқа толып еркін жүре бастаған бал бөбектің басқан қадамы құтты болып одан әрі жаны жамандық көрмей, жақсы жүріп кетуіне тілек білдіру салтанаты ретінде «Тұсау кесер» өтеді. Тағы да көрініс тамашалайық.

Көрініс «Тұсау кесер» Қатысушылар залға ән айтып кіреді.

Үй иесі: Қош келдіңіздер! Төрлетіңіздер!

1 қонақ: Рахмет. (балаға қарап) Е, мына батыр екен ғой тұсауын кесетін баламыз.

2 қонақ: Ой, айналайын, қадамың құтты болсын!

Үй иесі: Назгүл әже, жасыңыз үлкен, беделіңіз зор, көп балалы ана деп баламыздың тұсауын сізге кестірсек деп едік.

Назгүл әже: Рахмет айналайын. Өркендерің өссін!

Тұсау кесу-бала тәй-тәй басқанда жасалатын думанды дәстүр. «Тұсауы кесілмеген бала көп сүрінеді, жығылады» деген наным бар. Бұл дәстүр қыз балаға да, ұл балаға да жасалады. Жақсы ниетті ырымдарға сай «бай болсын» деп жасыл шөппен, «ешкімнің ала жібін аттамайтын адал болсын» деп ала жіппен, «тоқ болсын» деп малдың тоқішегімен тұсау кеседі.

Тұсау кесетін адамды баланың әке-шешесі таңдайды. Беделді жас үлкен, сыйлы адамдарға кестірген. Тұсауы кесілетін баланың аяған байлайтын жіпті сол сайланған адам дайындап алып келеді.

Тұсауды қайшымен кесуге болмайды. Қазақ халқында қайшылану жақсылықтың белгісі емес. Сондықтан, «баланың өмірі қайшыланып қалмасын» деген ниетпен тұсауды қайшымен емес, пышақпен кескен.

Қаз-қаз балам, қаз, балам,

Қадам бассаң мәз болам.

Күрмеуіңді шешейін,

Тұсауыңды кесейін.

Қаз-қаз балам, қаз, балам,

Тоқымыңды жаз балам.

Қадамыңды қарайық,

Басқаныңды санайық.

Қаз-қаз балам, жүре ғой,

Балтырыңды түре ғой.

Тай-құлын боп шаба ғой,

Озып бәйге ала ғой.

Баланың аяғына ала жіпті байлап, пышақпен кеседі. Баланы екі адам екі қолынан ұстап, ортаға алып шығып, тез-тез жүргізеді. Шашу шашылады.

Назгүл әже: Ал, айналайындар әндеріңді шырқаңдар. Ән .Қарақат Абдильдина Келші,келші балашым

Мұғалім: Балалар, сендердің де, ата-аналарыңның да, аға-бауырларыңның да алғаш қадам жасаған сәттерінде тұсауларыңды осылай кескен.

1- жүргізуші: Бүгінгі кешіміз қызықты болу үшін келесі танымды ойынға берейік.Мына қоржынға асықтар салынған.Ол асықтар бетіне сан жазылған.Қоржыннан кез-келген асықты аласыңдар.Шыққан сол санға байланысты сұрақ қоямыз ,кім көп жауап береді екен?

 

1-сұрақ.

Он атаны таратып беріңіз.

(әке,бала,немере,шөбере,шөпшек,немене,туажат,жегжат,жұрағат,жамағат.

2-сұрақ

Үш мақсатты ата.

Жол мақсаты-жету.

Дау мақсаты – біту.

Сауда мақсаты – ұту.

 

3-сұрақ

Үш арсыз.

Ұйқы арсыз.

Күлкі арсыз

Тамақ арсыз.

 

4-сұрақ

Үш алыс

Кәрі мен жас.

Жақсы мен жаман.

Алыс пен жақын.

 

5-сұрақ

Үш биді атаңыз.

Төле би

Әйтеке би

Қазыбек би.

 

6-сұрақ

Үш жүзді атаңыз

Ұлы жүз,Орта жүз,Кіші жүз.

 

7-сұрақ

Үш даусыз.

Мінез,Кәрілік,Ажал.

 

8-сұрақ

Жігіттің жақын үш жұртын ата.

Ағайын жұрт,

Нағашы жұрт,

Қайын жұрт.

9-сұрақ

Үш арыс

Сәкен Сейфуллин,

Бейімбет Майлин,

Ілияс Жансүгіров.

10- сұрақ

Үш сауап

Шөлге құдық қазған

Жолға ағаш еккен.

Өзенге көпір салған

 

11-сұрақ

Үш байлық

Денсаулық,Ақ жаулық,Он саулық.

 

12-сұрақ

Үш тәтті

Жан тәтті,Мал тәтті,Жар тәтті.

13-сұрақ

Төрт қонақ

Арнайы қонақ,Құдайы қонақ,Қыдырма қонақ,Қылғыма қонақ.

 

14- сұрақ

Төрт түліктің пірін атаңыз.

Түйе пірі- Ойсыл қара,Жылқы пірі- Қамбар ата,Сиыр пірі- Зеңгі баба, Қой пірі- Шопан ата,Ешкі пірі- Сексек ата.

 

15- сұрақ

Төрт қымбат не?

Алтын ұя- Отан қымбат.Құт –берек атаң қымбат,Мейірімді –анаң қымбат,Бәрінен де –ұят пенен ар қымбат.

 

16-сұрақ

Бес дұшпан

Өсек.Өтірік,Мақтаншақ,Еріншек,Бекермал шашпақ.

 

17-сұрақ

Бес асыл

Талап,Еңбек, Терең ой,Қанағат.Рақым.

18-сұрақ

Бес байлық

Әуелі байлық –денсаулық,Екінші байлық- еркіндік,Үшінші байлық – тіл байлық,Төртінші байлық- қайрат-күш,ақ жаулық,Бесінші байлық- балаңыз.

 

19-сұрақ

Бес қаруға нелер жатады?

Мылтық,Садақ,Найза,Қылыш,Айбалта.

20-сұрақ

Бес қатер

От,Жау,Борыш,Ауру,Сөз.

21- сұрақ

Бес жақын кімдер?

Тату болса- ағайын жақын,Ақылшы болса-апайың жақын,Бауырмал болса-інің жақын,Инабатты болса келінің-жақын,Алдыңа тартқан адал асын,Қимас жақын қарындасың.

1-жүргізуші:

Ата дәстүр абырой көтергенде,

О,бұл сөздер сүйектен өтер демде!

Тоқталамыз енді біз,ал халайық,

Қанатты сөз,мақал мен мәтелдерге.

 

«Сөздің көркі -мақал» деген ұғым бар.Біздің ойынымыз қыза түскен тәрізді,мақалдап сөйлеу кезегіне де кезек берейік.Қане екі жақтан кім жарысқа шығады?

 

1.-Ассалаумағалейкум,қарсыласым.

 

«Алыстан алты жасар бала келсе ,алпыстағы шал сәлем береді» деген сәлем беруге келдім.

2.- Амансың ба ,достым? «Қуыс үйден құр шықпа» деген,тізеңді бүгіп дәм ауыз ти.

3.- «Сыйлап берген су,сатып алған балдан артық» дегендей жайғассақ жайғасайық.

4.- «Сыйға сый,сыраға бал» демекші өткенде өздеріңе де риза болып қайттық қой.

5.- «Аз да бітер,көпте бітер,татулыққа жетер» демекші татулық пен ауызбіршілікке не жетсін.

6.- «Төртеу түгел болса алар,алтау ала болса алдырар» деген ғой о не дегеніңіз.

7.-«Бірлік түбі - тірлік» деген ғой бабаларымыз,бірлік болсын.

8.- «Биік төбеге шықсаң,көзің ашылады,жақсымен сөйлессең,көңілің ашылады» дегендей көңіліміз марқайып қалды ғой.

 

9.- «Әңгіме әңгіме дегізер ,әңгіме бұзау емізер» қой қайтайын мал келетін уақыт болды.

 

10.- «Тау тауға қосылмас,адамға адам қосылар» деген ,әлі кездесерміз,сау бол!

 

2-жүргізуші:Қарап отырсақ қазақтың мақалдап сөйлеген сөзінің өзі бір шырайлы ,тәрбиелі ,мәні зор,астарлы.

ДАУЫСТА, АТЫҢДЫ АЙТАМ Ойынға көз байлайтын бір орамал және ұзындығы 1–1,5 метр таяқ керек. Ойнаушы лардың саны неғұрлым көп бол са, ойын со ғұрлым қызықты болады. Ойнаушылар қол ұстасып, дөңгелене шең бер бойына тұрады. Көзі байланған бір ойыншы шеңбердің ортасына кіріп, қолындағы тая ғын өзін қоршап тұрған ойыншылардың кез келгеніне ұсынады да: «Дауыста, атыңды айтам!» – дейді. Таяқтың екінші басынан ұстаған ойыншы атын біліп қоймау үшін дауысын өзгертіп, дыбыс шығарады. Ал қол ұстасып, шеңбер бойында тұрған ойыншылар арлы-берлі бағытта үнемі қозғалыста болады. Содан көзі байланған ойыншы таяғын ұстаған адамды дұрыс тапса, сонымен орын ауыстырады. Егер таба алмаса, таяғын келесі бір ойыншыға ұсынады. Оны да дұрыс таба алмаса, және басқасына ұсынады. Осылайша үш рет қайталанған соң ойыншының көзі шешіліп, сол ортада тұрған жерін- Қазақ ұлттық ойындары 30 де көпшіліктің ұйғаруымен өз өнерін көрсетеді. Келесі кезекте ортаға басқа ойыншы шығарылып, көзі байланады да, ойын қайта жалғасады. ҚАРТ-ҚҰРТ Ойынға жиналған балалар тең

2-жүргізуші:Бүгінгі біздің сабағымыздың мақсаты-заман өзгерсе де ұлттық салт-дәстүріміздің көнермейтіндігін еске салып,ұлттық мұраны қайта жаңғырту.

 

1-жүргізуші: «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар» демекші,салтын сүйген әрбір жас ұрпақ болашақта халқын сүйетін,еліне адал қызмет ететін.тілінің,салт-дәстүрінің жанашыры болатындығына сенімдімін.

 

Ән; « Салт-дәстүрім ай» хор.

 

Просмотров: 2598


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст