Текст
Дебат: “Мектеп формасы керек пе, әлде жоқ па? Мақсаты: Өз ұстанымын тұжырымдап, қорғауға, логикалық ойлауға , күрделі мәселелердің шешіміне қол жеткізуге, өзін қарсыластың орнына қоюға, кез келген жағдайды әртүрлі қырынан талдауға және идеялар бәсекесінде құндылықты көруге үйрену.
Пікірталас барысында оқушылардың бір бөлігі “жақтап”болса, екінші “қарсы” болды. Оқушылар белсенді қатысты және мектеп формасы не үшін қажет екендігінің бір дәлелі -ол баланың бойында тәртіп сезімін оятады деген пікірге келді.