«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Зеренді ауылының Мәлік Ғабдуллин атындағы мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Школа - гимназия имени Малика Габдуллина села Зеренда отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Менің өмірімдегі шынайы көшбасшым.

10.11.2020

/public/files/2020/11/10/101120_111001_men-mrmdeg-shynayy-kshbasshym.docx

«М.Ғабдуллин атындағы ЖББОМГ» КММ                                                                                      

                                                                            Өзін-өзі тану пәні мұғалімі:                                                                                                                      

                                                                                 Абдильманова Бақшагүл Зейноллақызы

 

Менің өмірімдегі шынайы көшбасшым.

   Сәуір айы келіп, күннің көзі жарқырап, барлық ел жым-жырт, үлкен демалыс алғандай тыныш әлем, ертегі әлем, табиғат оңаша қалып, өз-өзімен тіл қатуда. Күн сәулесі көздеріме түсіп әр түрлі шағылысымен іліне береді. Терезелерімді ашып ауаны денеме жұтып, көзімді ашқым келмейді. Жұмған сәтімде балалық шағым, үйдегі сыңғырлаған дауыстар естілуде. Аяғымен қатты-қатты басып  әжем келе жатыр, сыңғырлаған дауысымен бәрін оятуда, үй тірлігіне көштік жанұяда жеті  ағайынбыз.  Әжеміз " жылы су дайындандар қыздар"- деді. "Не үшін" дедім. "Менің қамажайым келе жатыр" деп жауап берді.

Қамажай, ең үлкен ағамыз -Хамит. Әжеміздің анамыздың тұңғышы болса, бүгінгі таңда менің өмірімдегі ағам, бауырым, көшбасшым, талай батырларды хандарды барлық пайғамбарларды туған ардақты аналар.

Батырды дүниеге әкелген әуелі ана тәрбие берген әжеміз өмір бойы қолбасшы болған үлкен ағамыз. Мінеки бүгінгі таңда жасым 50 ден асса да, әже болсам да, жүрегімнің бір бөлігін алып өміріме, тәрбиеме үлес қосқан жан ағам, бауырым менің көшбасшым.

Көшбасшы деп ағам болған соң алып отырған жоқпын. Шынымен адамның бойынан өте сирек кездесетін қасиеттерге толы тұлға. Ал тұлға болу үшін уақыт, еңбек, абырой қажет.

20 жасынан Киевке оқуға барып, милиция орнына жұмысқа тұрып, талай жыл бойы еңбек сіңірген, бүгінгі таңда әрдайым мақтау қағазы мен ордендер иегері , талай елді, жерлерді көріп үлкен зәулім мейрамхана салып, елге қызмет етуде. Зейнетке шығып, жай отырмай, бизнеспен айналысып жүр. Ауылда туып өскеннен кейін бе, жоқ әлде өзінің елінің жерінің патриоты болғаннан ба? Табиғат аясын өте жақсы көреді. Мал -жанды көрсе, ауыл адамдарын көрсе қатты қуанып жүреді. Жігітке  сегізқырлы бір  сырлы қасиеттерге ие болу керек емес пе? Біздің ағамыз жер жыртып, фермер ісімен, ауыл шаруашылығында орын алғанына біраз жылдар болды. Бүгінгі таңда өз орнын тауып өзінің сферасында ауылда еңбек етіп жүр. Әр адамнан «профессионал» болу  қолынан келе бермейтін жағдай. Бұның астында өте үлкен ақиқат жатыр. Табандылық, еңбек, көшбасшылық. Совет үкіметі кезінің тәрбиесін алған, сол заманның көреген азаматтары, бұндай керемет қасиеттерге ие болу үйреншікті жағдай, себебі керемет жақсы, таза кездер болды ғой. Бірақ өмір өкінішті, уақыт азайтып бара жатыр, өзінің өмірін керемет өткізіп, елге әлі де қызмет етіп келе жатқан, бүгінгі күні ұл-қыз тәрбиелеп, немере сүйіп отыр. Бір дауысымен қараған көзқарасынан, қабағынан сөз бен емес, іс пен дәлелдеп, кейде жұмсақ, кейде қатты мінезімен талай шыңдарды бағындырып, сонымен қатар, еліне, жұртына  бауырларына қолбасшы , әке-анамыздың орнын басып отырған, ардақты ағамыз, менің ғана емес, барлық бауырымның көшбасшысы болып отыр. Көщбасшы болмайды, адам дүниеге көшбасшы болып келеді. Ол алладан берген сый. Ол сыйды қолдана білетін пенде бар, немесе қолын сілтеп ол сыйды қабыл ала алмайтын адам бар. Өмірде көшбасшыны табу оңай емес. Өйткені біреуге еліктеймін, мінеки осы адамнан үлгі аламын дегенше көңіліңде қалуы мүмкін. Уақыт бәрін де көрсетеді, өзгертеді. Менің өмірімдегі көшбасшымды кеше ғана таптым десем болады.

Уақыт келді, уақыт көрсетті. Қос бәйтерегіміздің әке-ананың орнын толтырып, жүрегімізге жылулық пен сыйластық, еңбекке баулаған тұлғадан үлгі алып отырмыз. Өткенге өкініш жоқ, болашаққа зор үмітпен қараймын. Қазіргі күнде екі ұлымның анасы, үш немеренің әжесі болуға алла нәсіп етті. Осы ұрпағымның көшбасшысы кім болады екен? Уақыт, зуылдаған өмір көрсетеді. Мүмкін мен туралы осылай жазады ма екен? Бұл мен үшін жұмбақ. Ең бастысы елімізге тыныштық, амандық тілеудемін. Ал енді көзімді ашсам күн сәулелері әлі де шағылысуда, көгілдір аспан, айналам тып-тыныш терезден самал жел соғып тұр.

Осы ЭССЕ жазуға керемет тақырыпты беріп, Өзін-өзі тану пәні бойынша керемет шынайы дәріс беріп жатқан Әсем Бауыржанқызына мың алғыс. Сіздің арқаңызда бауырым жайында, асқар тау ағам жайында осындай толғау жаздым. Қуанышымда шек жоқ. Әрі көңілім босап, көзіме жас келді. Әрине бұл жас «Қуаныштың» жас

Просмотров: 491


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст