Текст
«Балаларды бірге
қорғайық» Жол картасы аясында ата-аналармен кездесу
Мектебімізде Қазақстан Республикасы прокуратурасымен әзірленген «Балаларды бірге қорғайық» Жол картасы жобасы аясында аудан прокурорының көмекшісі - Уалиева Асель Нұрланқызы және аудандық жастар ресурстық орталығының маманы - Мазденов Жасқыран Қаһарманұлы және аудандық білім бөлімінің әдіскері – Байтілеуова Ақбота Қайсарбекқызы ата-аналармен кездесіп, қазіргі уақытта қоғамда әлеуметтік желілердегі «Синий кит» және «Тихий дом» атты жасөспірімдер арасында өзіне-өзі қол жұмсау ойындары белсенді таралып жатқандығын айта отырып, балалардың бос уақыттарын ұтымды ұйымдастыру, балаларға бақылауды күшейту керектігін атап көрсетті.