2017 жылдың 6 ақпанында "Өзін-өзі тану: Махаббат
пен Шығармашылық педагогикасы" атты дәстүрлі онкүндігі шеңберінде қазақ
тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімдері Г.М.Садыкова мен А.Т.Жилкайдарова «Алтын
жүрек анамыз» атты мәнерлеп оқу сайысын өткізді.. Сайысқа 5-6 сынып оқушылары
қатысты. Оқушылар белгілі ақын, қаламгерлеріміздің ана тақырыбындағы өлеңдерін
нақышына келтіріп, мәнерлеп оқыды. Оқушылардың
өлең жолдарынан байқалғаны: «Ана қадірлі тұлға, баға жетпес алтын адам, шуағын
бар әлемге таратушы, жақсылық атаулының барлығы ана сүтімен бала бойына
даритынын» сөз етті. Бала өмірінің мәні
де, сәні де, жылуы да бір ғана ана екені шынайы, күлімдеген бақытты
жанарларынан байқауға болады. Сайыс соңыңда
өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Б.З.Абдильманова оқушыларды құттықтап,
жеңімпаздарды марапаттады.