«М.Ғабдуллин атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы» КММ
«26» қазан 2020 жыл Зеренді ауылы
Күн тәртібі:
Тыңдалды:
Мектеп басшысы Э.Халелова ата-аналарға «Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігінің мектепке дейінгі және орта білім комитеті» РММ 2020 жылғы 30 қыркүйектегі №18-3/292 шығыс хатына және Зеренді аудандық «Білім бөлімі» ММ-нің 2020 жылғы 5 қазандағы №05-578-1720 шығыс хатына сәйкес, сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінен (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру жөніндегі 2018-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының 29-тармағын орындау мақсатында бүгінгі күні ата-аналардың алдында жаңа оқу жылының бірінші тоқсанында орта білім беру ұйымдарын қамтамасыз етуге бюджеттен бөлінген қаржыны жұмсау бойынша есеп беретінін таныстырып өтті.
Ата-аналар ұжымын 2020 жылдың қаңтарынан бастап 2021 жылдың қазан айына дейін мектеп ұжымы мен оқушылардың оқу-тәрбие жұмыстары бойынша атқарылған істері бойынша ақпарат берді. Биылғы оқу жылында 21 сынып комплектісі, онда 282 оқушы және мекалды даярлықта 15 оқушы оқитынын, 2020-2021 оқу жылын 63 сапалық пайызбен аяқтағаны, 1 оқушының «Алтын белгімен», 3 оқушының мектепті «Үздік»
аттестатпен аяқтағаны жөнінде және мектеп бітірген түлектердің ЖОО -7 , КОЛЛЕДЖГЕ-5-уі мемлекеттік грант иегері болғанын айтып өтті. Мектепте 39 мұғалім, оның деп мұғалімдердің сапалық құрамымен таныстырды. Мектептің тәрбие жұмыстарының жетістіктерін де таныстырып, бүгінгі күні пандемияға байланысты қашықтықтан жұмыс істеп жатса да, мектеп оқушыларының түрлі сайыстарға қатысып, жүлделі орындарды иеленіп жатқаны және олардың нәтижелері мектептің инстаграмм, фейсбук парақшаларына, мектеп сайтына күнделікті жарияланып отыратынын, сол парақшадан мектеп өмірінде болып жатқан жұмыстар туралы толық ақпарат ала алатынын айтып өтті.
Сонымен қатар, жаңа оқу жылының бірінші тоқсанында орта білім беру ұйымдарын қамтамасыз етуге бюджеттен бөлінген қаржыны жұмсау бойынша есеп берді. Ата-аналарға бухгалтерияның орталықтандырылғаны, яғни мектептің өз жеке бухгалтериясы жоқ, аудандық «Білім бөлімі» ММ-сі арқылы қаржының түрлі спецификаларға бөлініп, сатып-алулар сол жерден жүргізілетіні, мектепке бұл тауарлар накладной арқылы беріледі.
р/с |
Алынған күні |
Тауардың атауы |
Бағасы |
1 |
19.08.2020 |
Интеллектуалды интербелсенді ОӘҚ «Даналық» сөйлейтін қаламымен |
45 мың тенге |
2. |
18.08.2020 |
Термометр |
13 мың тенге |
3. |
8.07.2020 |
Шаруашылық тауарлары: кір сабын 5 литр, шүберек-400 м, ақ краска-20 банка, қоңыр краска- 25 банка, водоэмульсия-100 л., цемент-8 қап, пена-3 дана |
177600 тенге |
4. |
|
Әк (известь)-100 кг. |
10000 тенге |
5. |
|
Марля-60,8 м |
8171,5 тенге |
6 |
|
Кварц (облучатель)-1 дана |
24900 тенге |
7. |
21.10.2020 |
14 компьютер |
2 млн. 212 мың |
8. |
4.09.2020 |
Роутер «Билайн»-10 дана Роутер «Алтел»-10 дана
|
145900 тенге 139900 тенге |
9. |
2.09.2020 |
Оқушыларға арналған кеңсе тауарлары |
80976 тенге |
10 |
10.07.2020 |
Моноблок |
769500 тенге |
11 |
08.07.2020 |
Робототехника кабинеті |
3 млн. 871мың320,32 |
12. |
19.08.2020ж. |
Деохлор (3),антисептик (25 литр) |
54892 тенге |
/public/files/2020/10/27/271020_100520_ata-analar-gh-1.pptx
Жиналыс басшысы Э.Халелова
Жиналыс хатшысы С.Жанахметова